2022 жылғы қаңтарда 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 102,9%-ды құрады. Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде тіркелді, төмендеуі Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында байқалды.